Регистрация участника

Личный кабинет участника

қазақша                        русский

ЭЛЕКТРОНИКА БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультетінің базасында радиофизика және электроника кафедрасы мектеп оқушылары арасында электроника бойынша ашық аймақтық олимпиадасын өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.
        Олимпиада екі шығармашылық кезең арқылы өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған.
        Іріктеудің бірінші кезеңі 2020 жылдың 11 ақпанынан 2020 жылдың 04 наурызға дейін on-line-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар http://e.ksu.kz/ сайтына кіріп «Олимпиада по электронике» («Электроника Олимпиадасы») жарлығын таңдап және нұсқау бойынша «Личный кабинет участника», яғни өзінің жеке кабинетін құруы қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушылардың арасынан төрешілер шешімі бойынша 2 турға нақты катысушылар таңдалып алынады.
        Бұл жайлы ақпарат 05.03.2020 ж. сайтта «Личный кабинет участника», яғни қатысушының жеке кабинетінде жарияланады.
        2-кезең (соңғы) 2020 жылдың 15наурызында сағат 9.00-де ҚарМУ-дің физика-техникалық факультетінің корпусында басталады. Ол екі этаптан тұрады: I этап – теориялық тапсырманы орындау, II этап – практика жүзінде тапсырманы орындау.
        Ұйымдастыру комитеті мен төрешілер мүшелері құрастырған олимпиада тапсырмалары 10 және 11-сынып оқушыларына арналған.
        Олимпаданың II этаптың 2-тур қатысушылары мен жүлделі орындарын иеленушілер дипломдар мен сертификаттармен марапатталады.

        ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ
        2020 жылының наурыз айының 05 жұлдызында екінші турға қатысушылардың тізімі бекітіліп, оларға шақырулар жіберіледі.
        15 наурыз, 2020 жыл:
        9.00 – 9.30 – олимпиадаға қатысушылардың келуі және тіркелуі (Университетская көшесі 28, корпус №2, Физика-техникалық факультеті, аудитория №8);
        9.30 – 10.00 – олимпиаданың ресми ашылуы (аудитория №8);
        10.30 – 13.00 – олимпиаданың теориялық тапсырмаларын орындау, оқушылардың, командалардың жетекшілеріне өткізілетін семинар (аудитория №8);
        13-00 - 14-00 – түскі тамақ;
        14.00 – 15.30 олимпиаданың 2 турының практика кезенінің тапсырмаларын орындау;
        15.30 – 16.30 (физика – техникалық факультеттің ғылыми - зерттеу лабораторияларына экскурсия, факультеттің беделді ғалымдарымен кездесу);
        16.30 - олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау және олимпиаданы жабу (аудитория №8). Жүлдегерлерді марапаттау.
        Контактілер:
        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
        Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ші корпус, 522-аудитория.
        E-mail: ksusharogovaya@mail.ru (Ксения Сергеевна);
        Байланыс телефондары: +77786388092 (Жарасқан Төлегенұлы), +77024794037 (Ксения Сергеевна).