Регистрация участника

Личный кабинет участника                         

қазақша                        русский

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті физика-техникалық факультетінің базасында физика пәнінен оқушылардың жыл сайынғы Халықаралық ашық олимпиадасын өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдерінің жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 11 сынып оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша, орысша және ағылшынша.
        Олимпиада үш кезең арқылы өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды техникалық университетінің және Қарағанды индустриялық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған.
        Іріктеудің бірінші кезеңі 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап on-line-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар www.e.ksu.kz сайтына кіріп, «Олимпиада по физике» жарлығын таңдап және тіркеліп, нұсқау бойынша «Личный кабинет участника», яғни өзінің жеке кабинетін құруы қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушыға екінші кезеңнің тапсырмалары ұсынылады.
        2-кезең тапсырмаларының шешімдерін электрондық нұсқада (түсінікті жазумен жазылған және көшірмесі жақсы түсірілген) 2022 жылдың 01 ақпанға дейін olimpiada21@inbox.ru электрондық поштасына немесе «Олимпиада» деген белгісімен қағаз жүзінде ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберуге болады. 01 ақпаннан кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды. Олимпиаданың 3-кезеңінің қатысушылары 2-кезең тапсырмаларының орындалуы негізінде төрешілер тарапынан іріктеп алынған конкурсанттар болып табылады. Ақпарат сайттың «Личный кабинет участника», яғни қатысушының жеке кабинетінде жарияланады. Енгізілген ақпараттар үшін қатысушылар жауапты.
        3-кезең (соңғы) 2022 жылдың 22-23 ақпанында сағат 9.00-де. 3-тур форматы бекітілген уақыт аралығында Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайына байланысты өткізіледі. 3-турдың өткізілу форматы туралы ақпарат олимпиаданың ресми сайтында оның басталуына 10 жұмыс күні қалғанда орналастырылады.
        Олимпиадада жүлделі орындар алған жеңімпаздар дипломдар мен сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
        Мамандандырылған және жай мектептердің олимпиадада жүлделі орындар алған жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады
        Іріктеу кезеңдерінен өткен қатысушылардың жұмыстары қайтарылмайды.