қазақша                        русский

ИНФОРМАТИКА МЕН ПРОГРАММАЛАУДАН БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАСЫ


        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті математика және ақпараттық технологиялар факультетінің базасында 16.02.2022 мен 17.02.2022 күндері информатика пәнінен оқушылардың жыл сайынғы Ашық олимпиадасы өтеді.

        Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының және мектеп-интернаттарының 10-11 сынып оқушылары шақырылады.

        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.

        Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың төрешілері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған.

        Ашық олимпиада 2022 жылдың ақпан айының 16-жұлдызында 10.00 сағаттан 12.00 сағатқа дейін немесе 2022 жылдың ақпан айының 17 күні 15.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін екі пән бойынша on-line тестілеу түрінде өткізіледі. Тестілеу пәндері:

        1) Информатика.

        2) Алгоритмдеу және программалау (таңдалған тіл бойынша).


Пәндер Сұрақтар саны Дұрыс жауаптар саны Уақыт Максимальды балл
Информатика 20 1 30 минут 30 балл
Алгоритмдеу және программалау 35 1 55 минут 70 балл

        Олимпиадаға қатысушы тіркелу үшін e.ksu.kz сайтына кіріп, «Олимпиадалар» мәзірінен «Информатика және бағдарламалау бойынша олимпиаданы» таңдау қажет (8 ақпаннан бастап тіркелуге болады). Форманы толтыру кезінде бағдарламалау тілін (Pascal, C немесе Python) және тестілеу күнін (16.02.2022 немесе 17.02.2022) таңдау керек.

        Тестілеу үшін қатысушы «Қатысушының жеке кабинетіне» кіреді. Қатысушы тек бір рет тестілеуден өте алады және қай пәннен бастау керек екенін өзі таңдайды. Тестілеуді тоқтатуға болмайды, яғни тестілеуден өту уақыты тоқтатылмайды. Тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижесі бірден экранға шығады.

        Жүлделі орындарға ие болған олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
         Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ші корпус, 321 кабинет