қазақша                        русский

        Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті физика-техникалық факультетінің көлік және логистикалық жүйелер кафедрасы көлік-жол бейініндегі колледж оқушылары арасында «Автомобильдерді техникалық пайдалану және жөндеу» пәні бойынша қалалық олимпиада өткізеді.
        Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласының көлік-жол бейініндегі колледж оқушылары шақырылады.
        Олимпиаданы өткізу тілдері: қазақша және орысша.
        Олимпиада екі кезеңді қамтиды. Ұйымдастыру комитеті мен олимпиаданың әділқазылар алқасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің физика-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамынан тұрады.
        Бірінші iріктеу кезеңі 2021 жылдың 19 қараша күні online-тестілеу түрінде өткізіледі. Қатысушылар http://www.e.ksu.kz/ сайтына кіріп, «Олимпиада по технической эксплуатации и ремонту автомобилей» жарлығын таңдап, тіркеуден өтуі керек және нұсқау бойынша «Личный кабинет участника», яғни өзінің жеке кабинетін құру қажет. 1-кезеңнің нәтижесі тест аяқталған мезетте бірден көрсетіледі. Нөлден өзгеше нәтиже алған қатысушылардың арасынан әділқазылар алқасы шешімі бойынша 2-кезеңге нақты катысушылар таңдалып алынады.
        Қатысушының 2-кезеңге (соңғы) өтуі туралы ақпарат және 2-ші кезеңге тапсырма (жобаның тақырыптары) қатысушының жеке кабинетінде («Личный кабинет участника») немесе электрондық поштасында 22.11.2021 ж. жарияланады.
        Екінші кезең 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 09.30-да ZOOM платформасында мультимедиялық көрсетілімдерді пайдалана отырып, жобаны on-line қорғау түрінде басталады (ZOOM-конференция идентификаторы: 9092285318, пароль 1972). Екінші кезеңнің орындалған тапсырмалары (жобаның түсіндірме жазбасы және мультимедиалық көрсетілімдер) электрондық түрде olimpiada.21@bk.ru мекен-жайға 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін жіберілуі қажет. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен жұмыстар қарастырылмайды.
        Олимпиадада жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар дипломмен марапатталады.
        Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
        Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28, 2-ғимарат, 412-ші аудитория.
        Байланыс телефондары:
        +77778010563 (Нұрлан Камелович)
        e-mail: olimpiada.21@bk.ru